«Мұның ақымақтық екенін көріп отырмыз»: Тоқаев тағы тіл мәселесі жайлы айтты

Сырым Қаржас

Қостанай облысына барған президент тіл мәселесіне жеке тоқталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Алдына жиналған азаматтар алдында әуелі Тоқаев тіл мәселесіне жөнінде өз ұстанымын бұрын да айтқанын жеткізген. Мамандығына байланысты көп тіл үйреніп, шетелде жұмыс істегенін есіне алған.

– Бірақ қазір мен жайлы емес. Конституцияға сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Орыс тілі Конституцияға сай, мемлекеттік тілмен қатар қолданылып, ресми тіл функциясын орындайды. Сондықтан мұнда ешқандай қайшылық жоқ, – деген Тоқаев.

Мемлекет басшысы елде кімге қалай ыңғайлы сол адам сөйлеу керек деген.

– Бізде жастар мемлекеттік, орыс, ағылшын және басқа тілдерді біледі. Бұл жақсы-ақ.

Тіл айналасында даурығысып, жел беріп, кейбір мемлекеттердегідей оған қарсы шыққандармен күресіп, соның салдарынан қазір не болып жатқанын көріп отырмыз. Мұның ақымақтық екенін де. Сондықтан сабырлы, толерантты, ақылды болайық. Біздің еліміз өте жақсы халық. Мен Қазақстан халқымен мақтанамын, әрдайым боламыз деп ойлаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Тоқаев жағдаймен танысу үшін су тасқынынан зардап шеккен Қостанай облысына барған еді.