Мен Путинге: «Украинаға басып кірме деп айттым» - Трамп

Қалижан Бектемір

Tesla жетекшісі, миллиардер-кәсіпкер Илон Маск АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптан сұхбат алды. Интервью X платформасында болды,  деп хабарлады Ulysmedia.kz.

korrespondent.net

Трамп Маскқа берген сұхбатында елдегі президент сайлауы, АҚШ пен Ресейдің арақатынасы, Украинадағы соғыс, оны тоқтату жолдары мен басқа да күн тәртібінде күйіп тұрған мәселелер мен проблемалар туралы әңгіме қозғалды.

«УКРАИНАҒА ӘСКЕР КІРГІЗБЕ, ВЛАДИМИР!»

Трамп бір сөзінде Путин туралы да айта кетті. Ол Ресей президентіне Украинаға әскер кіргізбеуді өтінгенін, мұның соңы үлкен соғысқа айналып кетуі мүмкін екенін ескерткенін айтты.

Мен Путинге: «Украинаға әскер кіргізбе, Владимир! Бұл сенің қолыңнан келмейді. Бұл сен үшін ең жаман күн болады, деп айттым, - деді.

Сонымен бірге ол Путинмен арақатынасы  жақсы болғанын, егер қайта президент болып сайланса, сол байланысты қайта қолға алатынын атап өтті. Осы жерде Трамп Ресейді Украинаға басып кіруіне Байден әкімшілігі итермелегенін, кәнінің бәрі Ақ үйдің мойнында екенін баса айтты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Илон Маск Трамптың кандидатурасын қолдайтынын айтқан.  Екеуінің сұхбаты екі сағат болған.

МАСК ТРАМПТЫ МАҚТАДЫ

Интервью техникалық ақаудың кесірінен 40 минутқа кешігіп басталды. Әңгіме кезінде Илон Маск 13 шілдеде Пенсильвания штатында болған сайлауалды митингтегі оқиғаны еске алды. Ол Дональд Трампқа құлағынан жараланғанын, алайда  экс-президент батылдық танытып, орнынан қайта тұрағанын, сол үшін оны мақтауға болатынын айтты.

Трамп Масктің келісім шарттарын жақсартуды талап еткен жұмысшылардың бір бөлігін жұмыстан шығаруға дайын болу ниетін бас бармақпен бағалады.

Бұған дейін Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп өзінің бәсекелесі Камала Харристі өзінің платформалық бастамаларын, әсіресе қызмет көрсетушілерге арналған салықты алып тастау туралы идеясын ұрлады деп айыптағаны туралы хабар шыққан еді.