Қазақстанға көптеп қару-жарақ беруге қарсы емеспіз   – АҚШ елшісі

Қалижан Бектемір

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм АҚШ-тың елімізге қару-жарақты көптеп беруге дайын екенін айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz. КазТАГ-қа сілтеме жасап.

Otakar Cobra II бронды автомобилі, military.africa

Бұл туралы елші көпшілікті ақпарат агенттігіне сұхбатында хабардар етті.  

«ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАРУЛАНДЫРУҒА ДАЙЫНБЫЗ»

АҚШ жалпы айтқанда, Қазақстанға көптеп қару-жарақ беруге қарсы емес. Осы мақсатта біздің елдер тығыз байланыс орнатқан. Біздің ел Қазақстанды қару-жарақпен қамтамасыз етуге дайын. Ол үшін әрине, әуелі келіссіздер болу керек, - деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстанға грант негізінде және басқа да жолдармен қару-жарақ берілген. Қару-жарақ бойынша әлі де келіссөздер болады. Бұл енді күнтәртібінде күйіп тұрған мәселе емес.

ТОҚАЕВ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІ ДАМЫТУҒА ТАПСЫРМА БЕРДІ

Еске сала кетсек, жақында Қорғаныс министрлігі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қарулы Күштердің оқу-материалдық базасын жақсартқаны белгілі болды.

Биыл әскерлерге 500-ден астам жаңа техника, соның ішінде «Арлан» және COBRA II брондалған доңғалақты машиналары, SUNQAR тактикалық ұшқышсыз жүйелер кешені және EVOMax шағын ұшқышсыз жүйелері келіп түсті. Енді Әуе қорғанысы күштері үшін заманауи жойғыш ұшақтар мен зениттік зымыран кешені жеткізіледі деп жоспарланғанып отыр.

Жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.