«Мектептерде діни киім кию тыйылсын» петициясы жариялады

Қалижан Бектемір

Epetition.kz өтініштер сайтында Оқу-ағарту министрлігіне үндеуі жарияланды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

arasha.kz

Онда мектептерінде діни киім киюге тыйым салуды заң жүзінде кеңейту туралы өтініш берілген.

МЕКТЕП КИІМІ ЗАҢДАРДА БЕКІТІЛГЕН

Петицияда міндетті мектеп формасы заңдармен бекітілгені жазылған. Сондай-ақ бұл заңдар білім беру мекемелерінде діни символика тағуға тыйым салатыны да айтылған. Алайда кейбір азаматтар көп жағдайда бұл шектеулерді заңға тәуелді актілерге жатқызады делінген.

Петицияда авторлар мұндай жағдайды болдырмау үшін Франциядан үлгі керектігін, сол елдің заңдарын кеңейтуді ұсынған.

Онда ұлдар мен қыздарға арналған шалбардың ұзындығы туралы нормалармен бірге юбка ұзындығына қойылатын талаптар да бар. Олар тізеден төмен болуы керек. Ал үстіңгі киім мойынды жабуы керек.

ДАУЛЫ МӘСЕЛЕГЕ ТАУДАЙ НҮКТЕ ҚОЮҒА БОЛАР ЕДІ

Егер заңға толықтырулар енгізілсе, елдің берекесін кетіретін көптеген манипуляцияның алдын алуға болады. Нәтижесінде міндетті мектеп формасы туралы дауға нүкте қоюға болар еді, - деді авторлар. 

Осылайша, авторлар қазақстандық ұлттық бірегейлік пен конфессияаралық келісімді қорғайтынын айтуда.

Петиция мәтіні 2024 жылдың 13 тамызында жарияланған.

Бұған дейін Электронды петициялар сайтында онлайн-несиеге тыйым салу туралы ұсыныс-хат келіп түскен болатын. Оның алдында ескі уақытты қайтару жөнінде петиция шыққан.