20 млн қазақстандықта 967 млн парақша бар – зерттеу

Әлихан Асқақ

Қазақстан интернетінің 30 жылдығына орай Yandex Qazaqstan аналитиктері арнайы зерттеу жүргізіп, отандық ғаламторда қазір неше сайт бар және олар қай жылдары ашылғанын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

ашық дереккөз

108 МЫҢ САЙТ

Зерттеу жүргізу үшін Яндекс Іздеу роботы көріп тұрған сайттар мен парақшалар саналған. Нәтижесінде қазіргі кезде Қазақстанда 108 мың сайт және 967 млн парақша бары анықталған. Сайттардың үштен біріне жуығы (28%) 2023 жылдан бастап осы күнге дейінгі аралықта ашылған, шамамен 71%-ы кейінгі 10 жылда құрылған. Аналитиктер Яндекс Іздеуге қазақша терілген сұраулардың басым бөлігі (67%) білім алу тақырыбына қатысты екенін анықтады. Биыл наурызда сервиске нейро аудармашы енгізілген соң қыркүйекке қарай Яндекс Іздеуде қазақ тіліндегі пайдалы материалдардың саны 15 млн бірліктен асқан. Мысалы, онлайн энциклопедия мақалаларын атауға болады. 

Кейінгі 10 жылда Қазнеттегі жаңа сайттардың саны өскен, өсудің аса қарқыны 2023 және 2024 жылдарға келеді. Жаңа парақшалармен жағдай да тура сондай: парақшалар саны 10 жыл бойы өскен, қарқынды өсу кейінгі екі жылда байқалған. 

ІЗДЕУ ЖҮЙЕСІ

Қазақстандық пайдаланушылар интернетте керек ақпаратын жылдамдырақ табуы үшін 2024 жылдың наурызынан бастап Яндекс Іздеу пайдаланушылардың сұрауына қарай қазақ тілінде сипаттама, фактілер және қызықты деректермен карточкаларды көрсете бастаған. Мысалы, сұрауда нақты қала немесе табиғи объект болуы мүмкін. Яндекстің нейрожелісі осындай карточкалар үшін бүкіл интернеттен ақпарат табады, ал нейро аудармашы табылған ақпаратты қазақ тілінде дайындайды. 

Күн сайын Яндекс Іздеу пайдаланушыларға сұраулары бойынша қазақ тілінде 180 мыңға жуық карточка көрсетеді. Сұранысы жоғары карточкалар білім алу тақырыбына қатысты. Мысалы, ежелгі грек діні, авторлық құқық, сын есім, жасанды интеллект, үстеу, айтыс тақырыптары. Қазақстанда орыс тіліндегі карточкалар арасында скелет человека, юрта, робот, падежи, алфавит сынды тақырыптар басым. 

ДОМЕН

Зерттеуде домені .kz және .қаз атаулы сайттардың барлығы, сонымен қатар парақшаларының ең кемі 50%-ы қазақ тілінде жүргізілген ұлттық емес домендердегі (мысалы ұлттық домендер үлгісі — .ru және .uz) сайттар қаралған. Сайттармен қоса екінші деңгейдегі yandex.kz, gov.kz, alfa.kz сынды сайттар саналды. Ал түрлі ұйымдардың сайттарын біріктіретін екінші деңгейдегі домендер (Қазақстанда сондай ірі үшін домен бар — edu.kz, org.kz и gov.kz) домендер қаралмады: олар үшін зерттеушілер сайттармен үшінші деңгейдегі домендерді санаған. Мысалы, special.nur.kz және kaz.nur.kz бір сайт ретінде қаралса, news.org.kz және aerc.org.kz — екі түрлі сайт ретінде саналды.