Гаага сотындағы дағдарыс: агрессорлардың иммунитеті сақталатын болды

Ulysmedia
Фото: ВВС

Халықаралық қылмыстық сотқа қатысушы мемлекеттер Ассамблеясы (ICU) агрессиялық қылмыс жасағандарды қудалауға және жазалауға мүмкіндік беретін Рим жарғысына енгізілген түзетулерді 2029 жылға дейін кейінге қалдырды. Қазір егер агрессор мемлекет Рим статутына мүше болмаса Халықаралық қылмыстық соттың агрессорды қудалауға заңдық иммунитеті жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТҚА ҚЫСЫМ

Халықаралық қылмыстық сотқа қатысушы мемлекеттер Ассамблеясының сессиясы 7-9 шілдеде Нью-Йорктағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб пәтерінде өтті.

Халықаралық қылмыстық сот төрағасы Томоко Акане сессияда сот қазір бұрын соңды болмаған қысым тап болғанын айтты. Оның сөзінше, бұндай қадамдар сотты тәуелсіздігінен айыру үшін жасалып жатыр.

– Қазір көптеген азаматтар үйінді астында, халықаралық құқыққа қайшы келетін жағдайда өмір сүріп жатыр. Оны көзден таса ету өте оңай. Сот дәл осындай жағдайдың құрбандарына үміт сәулесі болу үшін құрылған, – деді Акане.

РИМ СТАТУТЫНА ЕНГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУДІҢ МАҢЫЗЫ

2010 жылы халықаралық қылыстық сотқа мүше елдер Уганда астанасы Кампалада агрессорлық қылмысты анықтауға қатысты келісімге келген (Кампала келісімі). 2018 жылдан бастап ХҚС агрессор да, жәбірленуші мемлекет те Рим статутын ратификациялаған жағдайда ғана тергеу жүргізе алады. Бірақ оны қазір Халықаралық қылмыстық сотқа мүше 125 елдің 47-і ғана ратификациялаған. Бірақ олардың арасында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше Ұлыбритания мен Франция жоқ.

Осы уақытқа дейін Халықаралық қылмыстық сот агрессорлық қылмысқа қатысты бірде бір істі тергемеген.

2025 жылы Германия, Словения, Вануату, Коста-Рика және Сьерра-Леноне елдері Халықаралық қылмыстық сотқа егер агрессия құрбаны Рим статутына мүше болса немесе қылмысқа статутқа мүше елдің азаматы күдікті деп танылса тергеу жүргізуге мүмкіндік беретін түзетулерді ұсынған.

Кельн университетінің халықаралық заңгері Глеб Богуш ВВС-дің орыс қызметіне берген сұхбатында Рим статутына түзету енгізудің маңыздылығын былай деп түсіндірді:

–Агрессия құрбаны Халықаралық қылмыстық сот мүшесі, ал агрессор елге (Ресейге) БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі статусы бекітілген. Украина мысалын қайталамау қажет, – деді ол.

ТҮЗЕТУДІ ҚОЛДАУ МЕН ҚАРСЫЛЫҚ

Түзетуді қабылдауды Германия бастаған 34 ел қолдады. Франция, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жаңа Зеландия түзетуді қабылдауды кейінгі қалдыруды ұсынды.

Сессияға бақылаушы ретінде қатысқан Қытай бұл мәселеде «қатысушы емес мемлекеттердің егемендігі мен юрисдикциясын толығымен құрметтеуге» шақырды.

Түзетулерді енгізу 2029 жылға дейін кейінге қалдырылды. Түзетулер бойынша жұмысты Ассамблея жанындағы тұрақты жұмыс тобы үйлестіретін болады.

ОРДЕР, САНКЦИЯ, АГРЕССИЯ

Халықаралық қылмыстық сот қазір ең қиын кезеңді басынан өткеріп жатыр. ХҚС прокуроры Кәрім Ханның үстінен жыныстық зорлық-зомбылық айыбы бойынша іс қозғалған. АҚШ қылмыстық сот прокурорларына қарсы санкция салған. Ресей оларды сырттай қылмыстық жауапкершілікке тартқан.

АҚШ үкіметі сессияда АҚШ пен Израильге қатысты қозғалған тергеулердің барлығын тоқтатып, қамауға алу туралы сот санкцияларының күшін жоюды талап етті.

2024 жылы Халықаралық қылмыстық сот Израиль прмеьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен осы елдің бұрынғы қорғаныс министрі Йова Галантты тұтқынға алу туралы шешім шығарған. Оларға 2023 жылдың 7 қазаны мен 2024 жылдың 20 мамыры аралығында әскери және адамзатқа қарсы қылмыс жасады деген айып тағылған.

Бұған дейін, 2023 жылы Халықаралық қылмыстық сот  Ресей президенті Владимир Путин мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл Мария Львова-Белованы тұтқындауға ордер берген. Оларды Украиналық балаларды депортациялады деген айып тағылған.

Гаагадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық соты 1945 жылы құрылған. Содан бері жұмыс істеп келеді.