Астананың өзінде 256 672 адам сақтандырылмаған - МӘМС жыры

Ілияс Бақыт
Ulysmedia коллажы

Астана қаласында соңғы екі айда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кірмеген азаматтар саны 18 мыңға көбейген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Себептердің бірі – халықтың астанаға жаппай көшуі.

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ

Қазіргі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тұрғындардың 84,6 пайызы қатысып отыр. Ал 256 672 адам сақтандырылмаған:

  • 132 мың тұрғын бір жыл бойы жарна төлемеген;
  • 8 мың адам – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
  • 91 мың адам – жалдамалы жұмысшылар;
  • 23 мың адам – кәсіпкерлер.

ӘКІМДІКТІҢ ЕСКЕРТУІ

Әкімдік өкілдері атап өткендей, амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмек алып жүрген тұрғындардың шамамен 10 пайызы жыл соңына дейін сақтандырылуы тиіс. Әйтпесе олар бұл мүмкіндіктен айырылып қалуы ықтимал.

БҰҒАН ДЕЙІН

Мәжіліс отырысында қып-қызыл дау туды. Депутат Таңсәуле Серіков пен Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры басқармасының төрағасы Айдын Құлсейітов жоспарлы операциялардан бас тарту жағдайына қатысты пікірталас жүргізді.

Серіков бір мысал келтірді: бір азаматқа шұғыл түрде кардиостимулятор орнату қажет болған. Құрылғы сатып алынғанымен, операция бірден жасалмаған – қорда қаражат болмаған.