Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын таныстырып, оның басты артықшылықтарына тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙЫ ӨТЕ КҮРДЕЛІ
Депутаттың айтуынша, алдымен Қазақстандағы Конституциялық реформаға баға беру халықаралық жағдайға көз тігуіміз керек.
«Дүниежүзі соңғы 10 жылда тектоникалық көптеген өзгерістерді басынан кешіріп жатыр. 2010 жылға дейін әлемде халықаоалық құқық және мемлекеттердің тәуелсіздігі тезистері бірінші орында болса, 2010 жылдан кейін халықаралық құқық процестері карозияға ұшырап жатыр.Оны қазір бәріміз көріп отырмыз Қазақстанның геосаяси жағдайы өте күрделі. Біздің екі жағымызда екі алып мемлекет бар, олармен қарым-қатынасымыз жақсы. Дегенмен, қазіргі күрделі заманда төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп отырған да осы өзіміздің көршілеріміз.Сонымен бірге мынау батыстың псевдолибералдық әртүрі әрекеттері тек қана Азия мемлекеттеріне емес, бүкіл дүниежүзін мезі қылды. Осындай қарама-қайшы күрделі заманда Қазақстан өзінің жаңа Конституциясын қабылдауға бел буын отыр», - деді Саиров Астанада өткен «Әділетті Қазақстанның Конституциясы» атты сараптамалық кездесуде.
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯҒА ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛГЕН
Депутат жаңа Конституциядағы өзгерістерді атап айтты.
«Алдымен саяси тарихта бірінші рет Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекет құрды деген үлкен бір мән бар. Ол жерде біздің Қазақстан ғұн, түркі, Алтын орда саяси мәдениетінің мирасқоры деген сөз. Бұл қазақ халқының саяси харихын мыңдаған жылға тереңдетеді. Сонымен бірге Конституцияның бірінші бабында Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігі мызғымайды, мемлекеттің негізгі қағидаттары осы егемендік пен тәуелсіздікті қорғау деп жазылған. Бұл да осы конституциялық құқықтағы жаңа новелла. Яғни, мен атап өткен өте күрделі геосаяси жағдайға байланысты біздің мемлоекеттің ішіндегі саяси-әлеуметтік жұмылдыру болып табылады. Сонымен бірге псевдолибералдық әртүрді бағыттың халықты мезі қылғанын айттым. Қазақстанның жаңа конституциясында неке дегеніміз ер мен әйелдің арасындағы еркін одақ деп жазылған. Бұл осы жаһандық тенденцуияға байланысты біздің халқымызға, мемлекетімізге жан жақтан келіп жатқан әртүрлі дәстүрлі емес тенденцияларға нақты жауап», - деді халық қалаулысы.
Депутаттың атуынша, Конституцияда әлеуметтік мәселелерді шешу механизмдері жан-жақты қарастырылған.
- Біреу біледі, біреу білмейді, көптеген мемлекеттерде орта білім мен жоғары білімге ешқандай кепілдік бермейді. Қазақстанның Конституциясында орта білім алу міндетті және оған кепілдік беріледі делінген. Сондай ақ, Қазақстанның жасөспірімдері конкурстық негізде жоғары оқу орнында тегін оқуға құқылы деп жазылған. Жақында мен Қытайға барып қайттым.Ондағы ішкі аймақтарда жоғары сынып оқушылары мектепте ақылы оқиды екен. Қытайда жоғары оқу орнында тегін оқу деген жоқ. Бұндай әлеуметтік міндеттемелер Қазақстан мемлекетінің үлкен жетістігі болып табылады. Тағы бір негізгі мәселе биліктің алмасып тұруы. Президент Тоқаев бұрынғы Конституцияда мемлекет басшысы бір мерзімге сайланады, одан артық сайлануға құқығы жоқ деген тұжырымдаманы кіргізген. Осы бап қалып отыр. Бұл жақын арада Қазақстанға жаңа саяси генерация келеді дегенді білдіреді», - деді ол.
Ерлан Саиров жаңа Конституцияда жаңа құрылатын Құрылтайдың рөлі мен орны күшейетінін айтты.
- Алдымен Құрылтайдың Үкіметті және жоғары аудиторлық палатаны бақылауға алу рөлі күшейеді.Бұл билік институттарының бөлінісін арттыратын үлкен бір мәселе. Сонымен бірге осы Конституцияда Президенттің құқықтары сақталған. Бүгінгі аумалы-төкпелі заманда біз Қазақстанның унитарлық формасы мен президенттік формасын әрқашан сақтауымыз керек. Жоғарыда айтқанымдай, Қазақстанның геосаяси жағдайы өте күрделі, сондықтан бізге әрдайым орталықтандырылған және өте мықты билік керек. Осы тұрғыда Президент Үкіметті қабылдамайтын болса, құрылтайды тарата алады, құрылтай жоғары сот немесе конститутяилық сот өкілдерін қабылдамаса, құрылтай таратылады деген бап бар. Бұл бап менің ойынша, Қазақстандағы биліктер тармағының аражігін сақтай отырып, президенттік институтты күшейту үшін жасалған. Мен бұл қадамды толық қолдаймын. Өздеріңізге белгілі қазір дүниежүзінде мемлекет институты әлсіреп барады. Осындай кезде Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау үшін президент билігі мықты болуы қажет. Осы жеті жылда Президент Тоқаев елімізде демократия мен инстуционалды флюролизмді енгізу жөнінде нақты қадамдар жасап жатыр. Бірақ заманның талабына байланысты мемлекет саясаты да өзгеріп отыруы керек. Дәл бұгінгі таңда міндетті түрде мықты әрі жұмылуға бейім орталықтандырылған мемлекет институттары керек.Дегенмен, демокартия қағидаттары сақталады. Құрылтайдың Үкіметті бақылау рөлі артады. Егер Құрылтай министрлерді оставкаға жіберу жөнінде Президентке ұсыныс жасаса, Мемлекент басшысы бұл ұсынысты қабылдауға міндетті. Бұндай бап бұрын жоқ болатын.
Бұл Конституция осы отыз жыл ішіндегі олгархия және қаржы институттарының диктатынан кету, сонымен бірге жаңа тәуелсіз, әделетті Қазақстан орнату, жаңа қоғам нысандарын жасауға негізделген. Сондықтан жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамын», - деді депутат.
КОНТЕКСТ
Қазақстанда Конституцияның жаңа жобасы қазір кеңінен талқыланып жатыр. Жаңа Конституцияның жобасы 11 бөлімнен, 95 баптан тұрады. Айта кету керек, бұрынғы Конституциядағы нормалардың шамамен 84 пайызы жаңартылған.