Қымбат әрі пайдасыз: «Атамекен» палатасы Қазақстанда кімге керек

Ғалиасқар Думан

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы күн сайын әртүрлі мәлімдеме жасайды. Жақында ұйым Қазақстандағы әйелдерге бизнестің қыр-сырын үйретіп жатқанын жария етіп, үкіметтің жекелей салық салу бастамасын қолдап, Қазақстанның азық-түлігіне қызыққан Словения мен отандық мамандарды жұмысқа тұрғызып жатқан қытай компанияларын мақтады. Бұл мақалада Ulysmedia.kz тілшісі «Атамекен» немен айналысатынын және бизнеске бұл ұйымның қажеттігін зерттеп көрді.

Коллаж: ulysmedia.kz.

«Атамекен» жақында Қытайдың ірі компаниялары қазақстандық мамандарға жұмыс тауып беріп жатқаны жөнінде ақпарат таратты. Десе де баспасөз хабарламасында қандай компания қанша адамды жұмысқа алып жатқаны жөнінде дерек жоқ.

Мәтінде тек қытайдың жоғарғы оқу орындарынан диплом алған біздің студентттердің мүмкіндіктері, олардың жұмыс табу жағдайы жөнінде ғана жазылады.

Тағы бір хабарламасында «Атамекен» EcoSynergy System бағдарламасы жөнінде айта келе оның шеңберінде қазақстандық тауарды Словенияға жеткізу мәселесі қарастырылып отырғанын хабарлайды. Жобаның басты шарттарының бірі – өңделген шикізатта қосалқы немесе қаптаманы пайдалану. Ықтимал серіктестермен онлайн кездесу барысында ұлттық палата өкілдері еуропалықтарға қаптаманы өздеріңіз ұсыныңыздар деп ұсыныс білдірген. Ал отандық экспортшыларға мемлекеттің қолдауын пайдаланып, келісімді сақтандыру мүмкіндігі барын жеткізген.

ҰКП осындайда жаңалықтарды «өндіргеннен» басқа не бітіріп отыр? Әуелі ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеспен өзара әрекет ету институты, оның мүддесін қорғау және мемлекеттік органдарда ел экономикасын дамытуда өкілдік ету міндетін алған. Палатаға кәсіпкерлер кіру-кірмеуді өзі білетін. Алайда палата ашылмай тұрып екі жыл бұрын қабылданған заң палатаға коммерциялық ұйымдардың кіруін міндеттеген еді. Ақыры қазақстандық бизнеске ҰКП-ны ұстап тұруға, тауар өндірісі үшін оның сертификатын алуға және шаруашылықты жүргізуге рұқсат беретін құжаттардың сараптамасының шығынын өтеуге міндеттеді.

Сонымен «Атамекен» палатасының қажеті бар ма?

«Атамекен» мойнына мініп алған кәсіпкерлер палатаға көңілі толмайтынын әу бастан айтып келе жатқан. Алайда олардың дауысы 2022 жылдың қаңтарынан кейін қаттырақ шыға бастады. Кейбірі тіпті палатаны таратуды ұсынған. Оларға жауап ретінде ҰКП реформа ұсынып, мүшелік жарна мөлшерін азайтуды ұсынған. Сол тұста мүшелердің көбі міндетті төлемді қолдап, шағын бизнеске міндеттелген жарнаны алып тастаған жөн деп шешіскен.

Кәсіпкерлер президиумды сақтап қалған жөн десе де, оның қатарынан депутаттарды алып тастап, шағын бизнеске, әйелдер мен мүгедектігі бар адамдарға квота белгілеу керек десті. Олар «Атамекеннің» бизнес мүддесін қорғау және мемлекеттік қолдау көрсетуде жұмысын күшейту керек деген байламға келді.

Сол жылдың ақпанында «Атамекен» ауқымды реформалар басталатынын жария етіп, басшылықты ауыстырды.

«Біз ондаған ұсыныс береміз, бірақ өкінішке қарай оның қабылданбайды. Консультативтік-кеңесші орган екенімізді түсінеміз, бірақ біз ұсынған жаңа трансформация - бұл өз ұсыныстарымызды көрсететін және олар үшін жауапты болатын нақты және ашық өзара іс-қимыл. Бұл ретте ұсыныстарды қабылдаған немесе қабылдамаған министр немесе мемлекеттік орган да жауапқа тартылуы керек», – деді Ұлттық палатаның жаңа басшысы Райымбек Баталов.

Реформа құрдымға кетті

Бірақ арада бір жарым жыл өткен соң бизнес қауымы «Атамекеннің» түкке тұрғысыз екенін қайта айта бастады. Кәсіпкерлер палатасының трансформациясының сәтсіздігі туралы президиумның бұрынғы мүшесі, «Қазхимөнеркәсіп» АӨК төрағасы Олег Пак мәлімдеді. Ол «Атамекенді» «бизнестің жұмысына кедергі келтіретін, оның мәселесін шешпейтін орган» деп атады.

«ҰКП туралы заң мен ішкі жарғылар, актілер арасында қаншама қарама-қайшылық бар. Міндетті мүшелік және бизнестен түсетін мүшелік жарналар «Әділетті Қазақстанның» жарияланған саясатына сәйкес келмейді. Кәсіпкерлер қайда және кімге төлеу керектігін таңдай алуы керек деп есептеймін», - деді Олег Пак.

Олег Пак

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібі шикізатты импорттайды, ал оның негізгі тұтынушылары – мемлекеттік сектор, квазимемлекеттік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылар. Бұл ретте ол жергілікті өндірісті қолдау нормаларының жоқтығын және мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің ашықтығын атап өтеді.

Осылай деген кәсіпкерді Қазақстанның қайталама металлургия өнеркәсіпшілері одағының басшысы Олег Якунин қолдады. Ол кәсіпкерлер палатасын «жоғарыдан келген тапсырманы орындайтын олигополия» деп атады.

Жарна төледің де, сертификат алдың

ҰКП басшылығында сегіз ер адам мен бір әйел бар. Басшылық палатаның кәсіпкерлерден бөлек шенеуніктер мен депутаттардан тұратын президиумына бағынады.

ҰКП негізгі функцияларының бірі – Қазақстан өндірушілері мен экспорттаушыларына сертификат беру. Құжат кәсіпорынның өндірістік қуаты бар екенін растайды және тауардың шығарылған елі Қазақстан екенін көрсетеді. ҰКП сертификаттарының иегерлерінде әртүрлі артықшылық бар, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде де олардың түсуі «Атамекен» кассасына мүшелік жарналарды төлеуге қатаң байланысты. Мысалы, Кәсіпкерлер палатасы комиссия төлеуге берешегі бар кәсіпорынға анықтама беруден бас тартуы мүмкін.

«Ең бастысы, «Атамекен» ҰКП сертификат беруде ешқандай жауапкершілікте болмайды. Мысалы, жоқ зауытқа жапсырмаларды қайта жапсыратын сертификат берсеңіз, ол тендерді ұтып алады да, біздің отандық зауыт қалып қояды. Істің мән-жайын анықтай бастағанда палата ағымдағы нөмірі бар сертификатты жояды. Соның салдарынан жалған өндірушіні, «Атамекенді» де жауапқа тарту мүмкін емес. Сондықтан біз бұл функцияны мемлекеттік органдарға беру керектігін, мемлекеттік органдар қателессе, палата бизнесті қорғауы керектігін айтып келе жатырмыз», - деп есептейді Өңдеу өнеркәсібі одағы басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Бектібаев.

Әділбек Бектібаев

Палатаның 260 штаты бар. Оны қамтуға 5,4 млрд теңге керек

2021 жылы (оған дейінгі ашық дереккөздерде мәлімет жоқ) ҰКП 8,3 млрд теңге деңгейінде табыс табуды жоспарлаған. Оның 5,5 млрд теңгесі – мүшелік жарна. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын жүзеге асырудан кәсіпкерлер палатасы 991,9 млн теңге, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасынан 1,7 млрд теңге, білім беру бағдарламаларын бағалау бағдарламасынан 78,6 млн теңге табуды жоспарлаған.

Осы соманың ішінде 2,9 миллиарды орталық аппаратты ұстауға, 2,5 миллиард теңгесі облыстық басқармаларға бағытталады деп жоспарланған. Жұмысшылардың нақты саны 260 болса, бекітілгені 300.

2023 жылдың қаңтарында салалық ұйымдардың өкілдері ҰКП шын мәнінде мемлекеттік органдармен біріктірілген және Qazaqstanda Jasalğan Экономикалық ұлтшылдық қозғалысын құрған ауыр бюрократиялық аппарат екенін мәлімдеді.

«Нақты көмекті көріп тұрған жоқпыз, мәселе түбегейлі көтерілетін болса, онда біз ҰКП-дан шығуға дайынбыз», - деп түсіндірді белсенділер.

Қазақстанның Әділет министрлігі наурыздың басында қозғалысты тіркеген. Кейін ойланып қалды. Оған себеп жаңа ұйымның атындағы «ұлтшылдық» сөзі болған көрінеді.

Өңдеу өнеркәсібі одағы басқарма төрағасының орынбасары Әділбек Бектібаевтың айтуынша, ҰКП нормативті-құқықтық акттер сараптамасын орындаудың міндетті шарттары есебінен ғана жұмыс істеп тұрғанын айтады.

«Егер одан осы басым құқықты алып тастаса, жарты жылдың ішінде бұл ұйым құрып кетеді. Демек оның ешкімге қажеті болмай қалады. Қазір онымен бір кәсіпкерлер серіктестік жасаса, заңда бар шешімді қабылдауда ықпалымен санасады. Заңнан ондай нормаларды алып тастаса, ұйым тарқап кетеді», - дейді Бектібаев.

«Атамекен» біреу үшін имидж

ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов экономиканың басым секторларына байланысты өңірлік ерекшеліктерге сүйене отырып, бизнеске қаржылық қолдау көрсетуді ұсынып отыр. Баталовтың өзі Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның 50 ықпалды бизнесмендерінің тізіміне енген. Ол қызметін «Риддер Инвест» металлургиялық кешенінің басқарушы директорынан бастады. 1990 жылдары Шымкент ЖЭО-3-ті басқарды, кейін электронды тауарлар дүкенін ашты. Іскерліктің өсуімен бірге Баталовтың қоғамдық белсенділігі де арта түсті.

Райымбек Баталов

«Ақпаратқа кім ие – сол әлемге ие», – Майер Ротшильдтің ұрпақтарына ғасырлар өтсе де атақты нұсқауы өзекті болып қала береді. Forbes журналындағы Райымбек Баталов туралы имидждік мақала осы сөзден басталады.

Бүгін де Баталовтың бизнесі Raimbek Milk, CityFairTrade ltd, Raimbek Alko, Food Trade House, Raimbek-Grain & Co, Good Food Сompany, Raimbek Agro, Raimbek Bottlers, Қапшағай Марина клаб, Raimbek ILM және басқалар кіретін Raimbek-Group компаниясында.

Басылым кәсіпкердің «Қазақстан экономикасының салаларындағы, соның ішінде бизнесі бар салалардағы мәселелерді шешумен айналысатынын жасырмайды» деп атап көрсетеді.