Соңғы бір жылда Geely маркасының сатылымы 50% төмендеді

Ulysmedia
Фото: auto.mail.ru

2026 жылғы мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 393 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға аз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» сарапшыларының мәліметінше, мамыр айында сәуірмен салыстырғанда нарық біршама тұрақтанды. Тұтынушылардың қызығушылығына әртүрлі сегменттердегі модельдердің кең таңдауы мен дилерлердің арнайы ұсыныстары оң әсер етуде.

ҚАО президенті Анар Макашеваың айтуынша, брендтер арасындағы жоғары бәсекелестік қазақстандықтарға таңдау мүмкіндігін кеңейтіп, компанияларды даму мен сервисті жақсартуға ынталандырады.

«Әсіресе, өндірісі қазақстандық кәсіпорындарда жолға қойылған қытайлық брендтердің өсімі айқын байқалады. Бұл сатып алушылардың отандық кәсіпорындарға сенім артатынын көрсетеді», – деді Анар Макашева.

Қазақстанның Автокөлік Одағы сарапшыларының деректеріне сәйкес, 2026 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда 18 мыңнан астам жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3% төмен.

Жыл басынан бері ресми дилерлер 84 002 автомобиль сатты, ал 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 85 527 бірлікті құраған. Нарық 1,8% төмендеді.

2025 жылдың мамырымен салыстырғанда төмен көрсеткіш көрсеткен автокөлік брендтері:

Geely – 50%

Hyundai – 27%

Lada – 25%

Kia – 24,9%

Tank – 19,8%

Өсім көрсеткен брендтер:

Yutong – 209,3%

HOWO – 188,9%

MG – 142,4%

JAC Trucks – 122,9%

BYD – 114,8%

JAC – 58,4%

Сонымен қатар тағы өсім көрсеткендер:

Haval – 19,7%

Changan – 17,5%

Toyota – 15,4%