Соңғы екі жарым жыл ішінде елордалық Partners Realty компаниясы Конституциямызда «заң алдында бәрі тең» деп айшықталып жазылған шындықты іс жүзінде дәлелдеуге тырысуда, бірақ адымы алға баспай, сәтсіздіктен көз ашпай келеді. Себебі олардың оппоненті анау-мынау емес, Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов. Заң бәріне ортақ дегенімізбен де, облыста билік жүргізіп отырған шенді-шекпендер заңнан биік тұрады екен. Үнді телехикаяларындай ұзаққа созылған оқиғаның хронологиясын Ulysmedia.kz тілшісі жинақтады.