Әділет экс-министрі ұсталды

Ғалиасқар Думан

Антикор қызметы мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

– Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді, – делінген агенттік хабарламасында.

Агенттік активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатқанын хабарлайды.