Макрон: Қазақстан мектептерінде француз тілі қайта оқытыла бастаса дейміз

Аян Өрібай

Франция президенті Эммануэл Макрон Ақордада өткен жиында екі елдің мәдени байланысына жеке тоқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

– Біз көптеген маңызды әрі өзекті мәселелерді талқыладық. Әсіресе, энергия, фармкомпаниялар арасындағы серіктестік, ауыл шаруашылығы саласында және басқа да жобаларды талқыладық. 

Десе де көбірек мәдени байланысты нығайтсақ жақсы болар еді. Бұ тұрғыда өзара қарым-қатынастарымызды нығайтқан игі. Дәл қазіргі жағдайдан тыс көбірек іс тындыруға ниет бар. Мәселен, бізге француз тілін оқытуды қайтадан Қазақстан мектептерінде қайтару мәселесі өте маңызды. Біз қалыптасқан жағдайды жақсартуға бар күшімізді салуға дайыньбыз. Мен білім беру ұйымдары арасында қол қойылған келісімдерден үлкен үміт күтемін, – деді Макрон. \

Бүгін Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макрон келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронға ілтипат білдіріп, жылы қарсы алды. Эмманюэль Макрон Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстарға жоғары баға берді.