Қарағандыда жол апатынан сәби мерт болды

Ulysmedia

Қарағанды қаласында екі жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан бір жасар сәби тіл тартпай кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Полиция департаментінің мәліметінше, көліктердің бірін полиция қызметкері тізгіндеген.
Қайғылы оқиға 19 қазан күні сағат 21:45-те Қарағанды қаласында Республика даңғылы мен Дүйсембеков көшесінің қиылысында болды.

«Mercedes» автокөлігінің жүргізушісі – 37 жастағы полиция қызметкері жұмысынан үйіне қайтып бара жатып, бағдаршамның сары түсіне өтіп кеткен. Салдарынан 29 жастағы азаматтың басқаруындағы «ВАЗ-2114» автокөлігімен соқтығысқан. «Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-2114» автокөлігінде болған 1 жастағы сәби қаза болды. Жүргізуші және 27 жастағы жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. «Mercedes» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген баспасөз хабарламасында.