Pfizer Қазақстан нарығына кіреді

Аян Өрібай

Америкалық трансұлттық компания Қазақстанда вакцина өндіретін болды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Астанада жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2023) өтіп жатыр. Шараға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің 500-ден астам өкілі, инвесторлар, беделді сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары шақырылған. Қазақстан атынан министрліктердің басшылары, квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, сондай-ақ отандық бизнес өкілдері қатысады.

Шарада аймақтың тұрақты өсіміне инвестиция салу мәселесі қарастырылған. Қатысушылар Қазақстан аймақтарының инвестициялық мүмкіндіктерін, көлік әлеуетін, логистикалық қызметтердің жаңа спектрін, заманауи тұрақты өндірісті, экспорттық әлеуетті кеңейтуді, инновациялық технологияларды, озық технологияларға инвестицияны талқылайды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Себешовтің айтуынша, бүгінгі бизнес-форумда бүгін бизнес-форум шеңберінде 28 құжатқа қол қойылады. Оның жалпы сомасы – 1,8 млрд доллар. 

Соның бірі - «СҚ-Фармация» Бірыңғай дистрибьюторы мен Pfizer халықаралық биофармацевтикалық компаниясы арасында ұзақ мерзімді шартқа қол қойылады. Осы келісім шеңберінде америкалық фармгигант Pfizer Қазақстанға инновациялық вакцинаның келісімшарттық өндірісін ұйымдастырған сәттен бастап 10 жыл бойы 20 валентті пневмококкты конъюгацияланған вакцинаны жеткізуді жүзеге асыруға міндеттледі.

– Біз жыл да сатып алып жүрген превенар-13 деген менингогокқа қарсы вакцинаны шетелден сатып алатынбыз. Бүгін Файзер компаниясымен қол қойылатын құжаттарға сәйкес, олар ары қарай біздің елде шығаратын болады. Превенар-13 деген вакцинаның артынан қазір жаңа превинар-20 деген жаңа вакцина шығады. Бүгін қол қойылған құжат шеңберінде біз жаңа вакцинаға да қол жеткізгелі отырмыз. Файзермен қатар, швейцариялық «Рош» компаниясымен де келісімге қол қойылады. Ол да фармацевтика саласындағы белгілі компания. Олардың медициналық препараттары біздің елде шығарылатын болады, – дейді Себешов.