Мектепте балаларға неге жыныстық сауат оқытылмайды - министрлік ұстанымы

Ғалиасқар Думан

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері балалардың жыныстық ағартуымен ата-аналар айналысуы керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Билік мектептерде жыныстық ағартудың болмауы жайлы не айтады

– Тәрбие – жан-жақты үрдіс. Ең алдымен, балаға анасы немесе әкесі жеткізуі тиіс нәрселер бар. Бүгінгі таңда жыныстық тәрбиенің барлық мәселесі биология пәні, басқа пәндер аясында, сондай-ақ сынып сағаттарында қарастырылады. Бірақ бүгінгі күні біз пәнге (жыныстық ағарту) тікелей нормаларын енгізе алмаймыз. Өйткені бізде адам анатомиясы және басқа да сәттер дәлме-дәл зерттелетін оқу пәндері арқылы қажет дәрежеде жүргізіліп жатыр. Ал сіз айтып отырған мәселелерге келер болсақ, бұл ата-аналардың жауапкершілік шеңберіне көбірек байланысты, - дейді білім берудің бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева сенат кулуарында.

Журналистер шенеуніктен егер мектептерде зорлау оқиғалары үнемі орын алса, бұл дабыл қағарлық белгі емес пе деп сұраған.

– Біз алдағы бағытта жұмыс істейтін боламыз. Бірінші кезекте, профилактикалық, ата-аналармен жұмыс істеу керек. Олар өз балаларын әлеуметтік жетілуге дайындау керек, - деп жауап берді білім вице-министрі.

Астанадағы оқиға

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада бірнеше оқушы 8-ші сыныптың қызын зорлады деген айыппен қамауға алынғаны белгілі болған еді. Елорда полициясы қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) басталғанын хабарлайды. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Ал бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева күдіктілер қамауға алынғанын, тергеу жүріп жатқанын, қыз баланың анасымен байланыста отырғанын хабарлаған. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов төрт күдіктінің қамауға алынғанын айтты.