«Шаш ал десе, бас алып», асыра сілтемеу керек – Тоқаев заңсыз шығарылған активтерді қайтару жайлы

Аян Өрібай

Тоқаевтың сөзінше, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуға тиісдеп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

– Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуға тиіс. Мен бұл шаруаның бағыт-бағдары туралы бірнеше рет айтқан болатынмын. Бизнес өкілдерімен кездесулерде де осы мәселеге тоқталдым. Уәкілетті құрылымдар жұмысты жандандыруы керек. Түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет, – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тоқаев өзге де құқық қорғау органдары жүгенсіздікке жол бермеуге тиіс деп ескертті.

– Тағы да ескертемін, «шаш ал десе, бас алып», асыра сілтемеу керек. Мен мұндай жөнсіз әрекеттің қай-қайсысын да қатаң айыптаймын. Біздің басты міндетіміз – кәсіпкерлердің еркіндігін шектеу емес, керісінше, елімізде бизнеске және инвестицияға жайлы орта қалыптастыру. Бұл жұмыстың әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша мәні бар. Маңызды экономикалық міндетті орындауды көздейтін осы бастаманы ешкімнің жоққа шығаруына жол берілмейді, – дейді ол.