Кеше кешкі сағат 17:37-де Абай облысы ТЖД 101 пультіне Семей қаласы Павлов көшесіндегі балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін балабақшаның 2 қабаты ашық жалынмен жанып жатқаны анықтады. Өрт сағат 18.05-те оқшауланды.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 техника жұмыс істеді.