Оқу-ағарту вице-министрі мемлекет баланы ата-анадан тартып алады деген ақпараттың жаңсақ екенін айтты

Ulysmedia

Оқу-ағартц вице-министрі Еділ Оспан Парламентте қаралып жатқан әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әзірленген заң жобасы жайлы жалған ақпарат тарап жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Еділ Оспанның айтуынша, аталған заң жобасында отбасылардан балаларды мемлекеттік органдардың тартып алуына мүмкіндік беретін нормалар бар деген жаңсақ ақпарат таратылып жатқанын ескертеді.

- Бұл ақпараттың ешбірі шындыққа сәйкес келмейді деп ресми түрде деп мәлімдейміз.
Қаралып отырған заң жобаларында және Мәжілістегі басқа да заң жобаларында балаларды отбасылардан тартып алуға қатысты бірде-бір норма жоқ, – дейді ол.

Мемлекеттік саясат: баланың туған отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз етіп, балаларды тәрбиелеу мен қауіпсіздігін сақтау мәселелерінде ең алдымен ата-аналарға басымдық беруге бағытталады деп сендіреді Оспан. Сөзінше, мемлекет өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға арналған тиімді шараларды үнемі қабылдап келеді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар, құрылған психологиялық және отбасын қолдау орталықтарының жұмысы шеңберінде осындай отбасыларға тұрақты түрде көмектер көрсетілуде.

- Құрметті ата-аналар, әр түрлі фейктерге сенбеуді, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз, – дейді Оспан.