Бұрынғы министр Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды

Ulysmedia

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ол бұған дейін Amanat партиясының жауапты хатшысы, 2021-2022 жылдары Астана әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2023 жылдың 4 қаңтары мен қыркүйек аралығында Мәдениет және спорт министрі қызметін атқарды. Былтыр күзде ол Мемлекет басшысының жарлығынан кейін министр қызметінен босатылды.