Соттың хабарлауынша, жол бойында көкпар ойынын ұйымдастырғандар бес тәулікке қамалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы облысының аудандық соты заңсыз көкпарды ұйымдастырушыларға қатысты үкім шығарды: шабандоздар 24 наурызда жол бойында ойын өткізген.
"Соттың 26 наурыздағы қаулысымен құқық бұзушылар кінәлі деп танылды. Оларға бес тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады сотта.