Тоқаев бүгін су тасқынына қатысты жиын өткізеді

Оралхан Қожанов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар аймағында болған су тасқынының салдарын жою үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан жұмысын бақылауында ұстап отыр, деп жазады Ulysmedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ

Бүгін Мемлекет басшысы Қытайдан келгеннен кейін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиналыс өткізеді.

Қабылданған шешімдер туралы жұртшылыққа тез арада хабарланады. 

Естеріңізге салсақ, су тасқынына қарсы жұмыстар туралы Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі ақпарат таратқан болатын.