Шолпан Каринова жаңа қызметке тағайындалды

Ulysmedia

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Таңатқызы Каринова Қазақстан Республикасының білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін білім және ғылым вице-министрі болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

фото: ашық дереккөзден

Шолпан Каринова 1972 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын, Омбы мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінде мұғалім болып бастады.

1998-1999 жылдары — орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

1999-2000 жылдары — орыс сыныптарында қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

2000-2002 жылдары — директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2002-2003 жылдары Көкшетау медициналық колледжінде оқытушылық және аударма қызметімен айналысқан.

2003-2004 жылдары — СҚО Тайынша ауданы білім және спорт бөлімінің әдіскері; оқу жұмысы бойынша бөлімше басшысының м. а.

2004-2005 жылдары — СҚО Тайынша ауданы №5 орта мектебінің директоры.

2005-2008 жылдары — СҚО Тайынша ауданының білім бөлімінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2008-2009 жылдары — СҚО Тайынша қаласы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы.

2009-2012 жылдары — СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары, Петропавл қаласы.

2012-2013 жылдары — Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары.

2013-2017 жылдары — СҚО білім басқармасы басшысының м. а., басшысы, Петропавл қаласы.

2017-2018 жылдары — ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары — Астана қаласындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары.

2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР БҒМ білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарды.