Беларусь елінің авиация жөніндегі департаменті Еуразия экономикалық одақ шеңберінде бірыңғай әуе әкімшілігін құруды ұсынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы белта агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы баспасөз мәслихатында Беларусь көлік жәен коммуникациялар министрлігінің авиация жөніндегі департаментінің директоры Артем Сикорский айтты.
«Санкциялар бізді бірыңғай әуе әкімшілігін құруды жеделдету керектігін меңзейді. Бұл – не болмаса ЕАЭО, не болмаса Одақтық мемлекет шеңберінде регуляторды құру мәселесі», - деді ол.