Қарағанды облысының әкімі 2 млн теңгеге жуық жалақы алады

Ulysmedia

Ulysmedia.kz-тің "Әкімге 3,5 сұрақ" айдарына алғаш болып жауап берген Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің баспасөз хатшысы бір күн өткенде ресми жауапқа өзгеріс енгізуді өтінді. Ол Қарағанды облысы әкімінің жалақысы 2 миллион теңгеге жуықтайтынын хабарлады. Бірінші нұсқада қолға 700 мың теңгеден аса айлық алады деген болатын.

Суретте: Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек

Тиісті түзету жасауды Жеңіс Қасымбектің баспасөз хатшысы сұрады. Оның айтуынша, кеншілер мекенінің басшысы 20 жылдық еңбек өтілімен міндетті салықтар мен төлемдерді шегергенде қолына 1,9 млн теңге алады.

Ал қызметтік сапарлар үшін Қарағанды облысының жетекшісі 2016 жылы шығарылған «Mercedes» маркалы автокөлік пайдаланылатыны мәлімделді. Ұстайтын ұялы телефоны – iPhone 11. Оның жаңа түрі дүкендерде шамамен 339 мың теңге тұрады.