Қаржыгер және саяси қайраткер Дәулет Хамитұлы Сембаев 87-і жасында өмірден өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Сембаев Дәулет Хамитұлы металлург және қаржыгер, саяси қайраткер. 1998 жылы Қазақстандағы зейнетақы реформасын жасаған адам.
Сондай-ақ, марқұм премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Ұлттық банктің төрағасы, Сенат депутаты болып жұмыс істеді, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығын басқарды.