Тоқаев Өзбекстан президенті Мирзиёевтің қызын қабылдады

Сырым Қаржас

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, деп хабарлады Ulysmedia.kz

Ақорда

Ақорда таратқан ақпаратқа қарағанда, кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президентінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударған.

Кездесуде ақпараттық-идеологиялық, мәдени-гуманитарлық, білім беру және  жастар саясаты салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселесіне айрықша мән берілді. 

Президент Астанада халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өтті.