Төтеншеліктер су астында қалған иесіз иттерді құтқарды

Ulysmedia

Книжевское су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан иесіз иттер паналайттын орын су астында қалды деп, хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Иттердің паналау орны бөгет  бұзылған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан. Иттер орналасқан жерге су ішінара кірген. Оның деңгейі шамамен 15-20 см болды.

«Жануарлар аман. Паналау орнында барлығы 150 ит болған. Су басқан кезде  ТЖМ құтқарушылары мен мекеме қызметкерлері жануарларды қауіпсіз жерге көшірген. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді (ішінара мұз қатқан)»,- деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.