БҚО әкімі жалақысын ресми сайттан көріп алуға сілтеді

Ulysmedia

Ulysmedia-ның дәстүрлі сауалына ең қысқа жауап берген әкім Ғали Есқалиев болды.  

Коллаж: ulysmedia.kz

БҚО басшысы 2021 жылы 10 рет республикалық телеарналарға видеосұхбат бергенін хабарлаған. Бірақ, қай БАҚ және қандай бағдарлама екенін атап көрсетпеген.

«Облыс әкімінің қызметтік автокөлігі – 2014 жылғы Toyota Land Cruiser 200»,- делінген жауапта.

Ең қызығы, жалақысын әкімдіктің ресми сайтынан біліп алуға сілтеген.

«Облыс әкімінің жалақысы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтында орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/bko?lang=kk», - делінген жауапта.

Алайда сілтемеге өтсең, сайттың басты беті ашылды. Жүздеген айдар ішінен әкімнің жалқысы қай бөлімде жарияланғаны белгісіз.

Еске сала кетейік, Ulysmedia.kz әкімдердің ашықтығын анықтау мақсатында, БАҚ-қа берген сұхбаты, қызметтік көлігі және жалақысы жайлы 14 облыс пен 3 мегаполиске ресми сауал жолдаған. Бүгінге дейін біраз әкімнен жауап келіп үлгерді. Белгілі болғандай, олбыс әкімдерінің айлығы 1,9 млн теңгені құрайды.