Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді деп хабарлайды Ulysmedia.
Оны Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.
Мәртебелі мейманның құрметіне қарауыл тұрғызылып, мемлекет басшылары қысқаша әңгімелесіп үлгерді.
«Сапардың негізгі іс-шаралары 6 желтоқсанда өтеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейту мәселелері талқыланады. Көшбасшылар өңірлік және халықаралық саясат мәселелері бойынша да пікір алмасады», – деп жазды көрші ел жетекшісінің баспасөз қызметі.
Келіссөздер қорытындысы бойынша 20-дан астам құжатқа қол қою көзделген.