«Абыройдан айыра көрме тәңірім...» - Бақытгүл Хаменова

Ulysmedia

Бүгін пара алғаны үшін күдікке ілінді деп хабарланған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова WhatsApp желісіндегі «статусын» төрт күн бұрын жаңартқанын хабаралайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

«Абыройдан айыра көрме тәңірім…» - деп жазды шенеунік дүйсенбі күні сағат 21.40-та өзінің   WhatsApp мессенжерінінің «статусына».

Сөздің мағынасына қарағанда, облыс әкімінің орынбасары бүгінгі болған жағдайдан апта басында хабардар болса керек.

Еске салайық, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысы мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевті 4,5 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы жаздық.

Ол ҚР Қылмыстық-процестік  кодексінің 28-бабы бойынша ұсталып, Атырау облысы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.