Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 30 жыл

Мөлдір Бақыт

Осыдан 30 жыл бұрын 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңды қабылдаған, деп хабарлайды, ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады.  Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан МоңғолияФранцияЖапонияОңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. 

Кеше Нұр-Сұлтанда Президент Қасым-Жомат Тоқаевтың қатысыуымен салтанатты жиын өтті. Мемлекет башысы елді тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Біз жаңа Қазақстанның негізін қалап, іргесін кеңейтуге бүкіл халық болып  жұмылдық. Еліміздің өсіп-өркендеуіне әрбір отандасымыз өз үлесін қосты. Біздің барлық жетістігіміз – түрлі кәсіп иелерінің  ерен еңбегінің жемісі. Ұстаздарымыз ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп, жаңа белеске жол ашты. Дәрігерлеріміз ұлт саулығы үшін барлық күш-жігерін салып еңбек етті. Әсіресе, пандемия кезінде адам өміріне араша түсіп, індетпен аянбай күресті. Әскери қызметшілер ел шебін қас қақпай күзетті. Тәртіп сақшылары тыныштығымызды, қауіпсіздігімізді қорғады. Төтенше жағдай қызметкерлері қатерден қаймықпай, талай жанды аман сақтап қалды. Зиялы қауым мәдениетімізді байытып, ғылыми әлеуетімізді арттырды. Мемлекеттік қызметшілер халыққа қызмет етіп, елдігіміздің тұғырын бекіте түсті. Құрылысшылар миллиондаған шаршы метр үй, мыңдаған шақырым жол салып, өрісімізді кеңейтті. Диқандар дән егіп, шопандар төрт түлігін өргізіп, ырысымызды көбейтті. Мұнайшылар қара алтын өндіріп, қазынамызды байытты. Кеншілер жер қойнауын игеріп, игілігімізді еселеді»-  деді ол.

Еске салайық, ұлық мерекеге орай, қазақстандықтар 4 күн демалады.