Тиісті Үкімет қаулысының жобасы жарияланды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Құжатқа сәйкес, Қазақстан астанасының бірнеше мектебіне, еліміздің қоғамдық-саяси және мәдени өміріне өлшеусіз үлес қосқан белгілі қайраткерлердің есімдерін беру жоспарланып отыр:
- №11 мектеп-лицей – Өзбекәлі Жәнібеков;
- №49 орта мектеп – Қошке Кемеңгерұлы;
- №69 мектеп-гимназия –Кемел Ақышев;
- №2 балалар музыка мектебі – Роза Бағланова;
- №3 балалар музыка мектебі – Ермек Серкебаев;;
- №66 мектеп-лицей – Дінмұхамед Қонаев;
- №77 мектеп-гимназия – Фариза Оңғарсынова;
- №83 мектеп-гимназия – Ыбырай Алтынсарин.