Жаңа жыл мерекесіне орай қазақстандықтар төрт күн демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
1 және 2 қаңтар сенбі және жексенбі күндеріне түсетіндіктен, қазақстандықтар қосымша тағы екі күн, яғни 3 және 4 қаңтарда демалыс алады.
Ал 31 желтоқсан – ресми жұмыс күні. Осылайша, жаңа жылда төрт күн демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер 4 қаңтарда жұмысқа шығуы керек.
Ал 7 қаңтар Рождество мейрамы болғандықтан, ресми мереке күні. Биыл ол жұмаға келеді. Осы орайда ел азаматтары 7, 8 және 9 қаңтар күндері үш күн демалады.
Алты күн жұмыс істейтіндер 8 қаңтар қызметке кірісуі керек.