Жандарбек Бекшин қызметінен кетті

Ulysmedia

Жандарбек Бекшин демалысқа шықты. Ал қаңтар айынан бастап Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және ҚР ДСМ КСК Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы қызметінен кетеді.

Фото: ашық дереккөзден

Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және ҚР ДСМ КСК Алматы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ол өз жұмысын 27 желтоқсаннан бастайды.

Бұған дейін ол Алматы қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.