Бектенов салық кодексі жобасын халыққа түсіндіруді тапсырды

Аян Өрібай

Премьер-министр Олжас Бектенов салық кодексінің жаңа редакциясын 20 ақпанға дейін мәжіліске енгізуді жүктеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ЖҰМАНҒАРИН НЕ ДЕЙДІ

Үкімет отырысында бүгін премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығын саралап қалыптастырудағы жаңа ұсыныстарды атап шықты. Сондай-ақ, ол Үкімет Салық кодексінің жаңа редакциясын талқылау үшін 6 жұмыс тобы құрылғанын, бүгіннен бастап өңірлерді аралайтынын айтты. Оның сөзінше, үкімет қосымша құн салығын 16 пайызға көтеруді ұсынады.

БЕКТЕНОВТІҢ ТАПСЫРМАСЫ

Үкімет басшысы талқылау жұмыстарына өзі де араласатынын мәлім етті. Ол жалпы ұсыныстарды қолдайтынын, осы аптада өңірлерге барып, халықпен егжей-тегжейлі мәселені талқылауды жүктеді.

Мен де Астанада және өңірлерге барып талқылаулар өткіземін. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша Салық кодексі мен ілеспе заңдардың жобаларына түзетулерді 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізу керек. Әрі қарай Мәжілісте талқылауды жалғастырамыз, - деді Олжас Бектенов.

ҮКІМЕТТІҢ ҰСЫНЫСЫ

Қаржы министрі Мәди Такиев пен ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин бизнес өкілдерімен салық реформасы шеңберінде ҚҚС сараланған мөлшерлемелерін белгілеу жөніндегі үкімет ұсыныстарын талқылаған еді. Қазақстан үкіметі ҚҚС-ті 16% деп белгілеуді ұсынып отыр.