Бас прокуратура Қуат Ахметовке елге кіру шектелмегенін мәлімдеді

Алдаберген Кемпірбаев

ҚР Бас прокуратурасы Қазақстанда тіл рейдтерін жүргізіп, кейін шетелге кеткен қоғам белсендісі Қуат Ахметовке байланысты Алматы қалалық полициясы «Ұлттық алауыздықты қоздыру» бабы арқылы сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізіп жатқанымен, елге кіруге шектеу қойылмағанын мәлімдеді деп  хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

 «Қылмыстық іс шеңберінде Қ.Ахметовтен куә ретінде жауап алынып, соңғыға қатысты процестік мәжбүрлеу шаралары, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге шектеулер қолданылмаған», – дейді бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев.

Қадағалаушы орынның жауабын заң маманы Абзал Құспан жариялады.