Оны Алматы қаласының полиция департаменті растап отыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
1979 жылы туған, балабақшада тәрбиеші болып істеген, өзіне қол жұмсаған Б есімді азаматша бұған дейін балаларды ұрды деп айыпталған болатын. Тіпті бүлдіршіндер оған соққы жемеу үшін күнделікті кәмпит беріп отырған. Сорақылық белгілі болғаннан кейін мектепке дейінгі мекеме басшылығы қызметкерін жұмыстан босатты.
Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастады.