Автожол жобаларын іске асыру қорытындысын шығарған құзырлы министрлік елімізде 10 мың шақырым жолда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеп отыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оның жергіліктіден тыс 3,6 мыңы республикалық маңызы бар жолдар:
- Талдықорған - Өскемен;
- Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – Күрті – Қапшағай;
- Ақтөбе – Атырау - Астрахань;
- Қалбатау - Майқапшағай;
- Үшарал - Достық;
- Ұзынағаш - Отар;
- Меркі - Бурылбайтал;
- Қостанай - Денисовка.
«Құрылыс маусымында жолдардағы жобаларға 200 мыңдай адам және 12 мыңға тарта жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды», – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.
Бұл ретте жол құрылысындағы қазақстандық қамту 90%-дан асқан.
Жол бойындағы сервисті дамыту үшін тиісті қызметтерді толық қамтитын 71 кешен іске қосылған: кемпингтер, мотельдер, жанармай құю стансалары, техникалық қызмет көрсету стансалары, тамақтанатын және сауда орындары және т.б.