«Жануарларға жауапкершілікпен қарау»: Тоқаев заңға қол қойды

Ulysmedia

Барлық БАҚ-та жануарларға жасалған қатыгездікті насихаттауға тыйым салынады және мұндай насихаттың кез келген түріне шектеу қойылады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң оларды күтіп-бағуға қойылатын талаптарды, жануарларды емдеу саласындағы мемлекеттік органдардың құзыретін, қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды емдеуге қойылатын талаптарды, оларды аулау және өлтіру, адамгершілікті нығайту және сақтау нормаларын айқындайды.