Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілді

Ulysmedia

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: скриншот

Бұл мәлімет Ақордада жарияланды.

«Азаматтардың қауіпсіздігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, үшін заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтар сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Президент телевизия арқылы жасаған үндеуінде халықты іштен және сырттан болған сан түрлі ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырды.