Қазақстандағы АҚШ елшілігі көңіл айтты

Ulysmedia

Жалпыұлттық аза тұту күнінде Қазақстандағы АҚШ елшілігі елдегі қайғылы оқиғадан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Кейінгі бірнеше күнде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Жалпыұлттық аза тұту күнінде біз Қазақстан халқына көңіл айтамыз. Қазақстан әрдайым Америка Құрама Штаттарының сенімді досы болып табылады, бұл  сілкіністің ауырлығын біз де сеземіз. Біз Қазақстан халқының тұрақтылығына және оның бұл дағдарыстан шыға алатынына сенеміз. Баршаңызға күш-қуат пен жүрек тыныштығын тілейміз», - деп жазды АҚШ елшілігі Facebook парақшасында.