Шетелге ақша шығаратындар қатаң тексеріледі

Ulysmedia

Мәжілісте сөйлеп жатқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елден шетелге қаржы шығаруды нақты бақылауды жүктеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

«Біз жекелеген тұлғалардың шотында қозғалысты байқадық. Сондықтан Ұлттық банк пен Қаржы мониторингі агенттігіне қаражатты елден негізсіз шығаратын тұлғалардың барлық транзакцияларын нақты бақылауды және тексеруді қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін Мәжілісте жаңа Үкімет басшысы бекітілді.