ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Дәурен Абаев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (2001), Лейден университетін (2006) бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.
2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмекшісі, атташе, үшінші хатшысы.
2003 жылы - Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінің үшінші хатшысы.
2003-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы Уақытша сенімді өкілі, Екінші хатшы.
2007 жылы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Баспасөз қызметі департаментінің бастығы.
2007-2009 жылдары - сарапшы, Қазақстан Республикасы Президенті хаттамасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары.
2009-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2011 жылдан - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі.
2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі.
2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының Ақпарат және әлеуметтік даму министрі.
2020 жылғы 4 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, сонымен қатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.