Болат Ақшолақов Энергетика министрлігіне басшы болып келді

Ulysmedia

Президент жарлығы арқылы энергетика министрі болып Болат Оралұлы Ақшолақов тағайындалды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Ол Атырау қаласының тумасы, мұнайшы. 2017-2019 жылдары энергетика вице-министрі болған.

Бұған дейін энергетика министрі қызметін атқарған Мағзұм Мырзағалиев Жаңаөзендегі халықтың наразылығына байланысты сұйытылған газ бағасын арзандатуға болмайтынын мәлім еткенімен, кейін үкіметтік комиссия Маңғыстауға арнайы барып, оның құнын литрін 50 теңгеге дейін түсіруге мәжбүр болды. Дегенмен кеш қабылданған шара нәтиже бермей, бейбіт шерулер соңы бүкіл елді қамтыған қантөгіске ұласты.