Жаңадан тағайындалған 5 министр ант берді

Ulysmedia

Жаңа министрлер қатарындағы 5 министр ант берді. Дәл қазір Үкіметте жаңа құрамның алғашқы отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров, Әділет министрі Қанат Мусин, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Ұлттық экономика министрі Әділет Қуантыров, Энергетика министрі Болат Ақшолақов ант берді.

«Қазақстан Республикасы халқы мен президентіне алдында, өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани дамуына барлық күш жігерімді жұмсауға, мемлекет конституциясын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттігі мен дүниежүзілік қоғам алдында нығайта беруге салтанатты ант етемін», - деді министрлер.