Ол енді премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҰРАНХАЕВ ЖАЙЛЫ
Нұрлан Телманұлы Ұранхаев — қазақстандық саясаткер, 2022-2025 жылдары Абай облысының алғашқы әкімі қызметін атқарған.
Ол 1965 жылы 4 мамырда Семей қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Үш бірдей жоғары оқу орнын тәмамдаған: инженер-механик, экономист-менеджер, инженер-құрылысшы мамандықтарын бітірген.
Еңбек жолын қарапайым шеберден бастаған Ұранхаев 2000 жылдары Шығыс Қазақстан облысының түрлі басқармаларында, кейін вице-министр, облыс әкімінің орынбасары, ұлттық экономика министрлігіне қарасты ғылыми институт жетекшісі қызметтерін атқарды. 2022 жылы президент жарлығымен жаңадан құрылған Абай облысының әкімі болып тағайындалды.
Ұранхаев Абай облысын басқарған тұста “Семей орманы” резерватында өрт шығып, бірнеше орманшы қаза болған еді. Табиғатқа сол тұста үлкен зиян келтіріліп, бірнеше адам сотталған болатын.