Кәрім Мәсімовтың екі бірдей орынбасары ұсталды

Ulysmedia

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

«Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы А. Садықұлов пен ҰҚК Төрағасының бұрынғы орынбасары Д. Ерғожин ұсталды. Тергеу жалғасуда», - делінген ресми хабарламада.