Елдегі белсенді азаматтар полиция қызметкерлері тарапынан ұсталғандарды азаптауды тоқтату керектігін айтып, талап қойып жатыр. Акцияға қосылғандардың арасында сол азаптауды бастан кешкендер де бар, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Қаңтардың 7 күні митингке қарапайым қатысушылардың ұсталып жатқаны белгілі болды. Оларды азаптап, ұрып-соғып жатқанына ашулымын. Күні кеше Сергей Шутов азаптау конвейерге қойылғанын, прокуратура ешқандай шара қолданбай жатқанын айтты», - дейді Макс Боқаев.
Осылайша, Атыраудағы белсенді президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу түсіріп, Атырау облысының прокурорына арыз қалдырды.
Сергей Шутовтың өзін «Динамо» спорт залында полиция қызметкерлері сабаған. Оның айтуынша, спорт залдың жуынатын бөлмесінде ұсталған азаматтар тіпті қатты соққыға жығылған.
Осы үндеуге белгілі режиссер Қуаныш Бейсеков та үн қосты. Ол “Билік халықпен санассын! Ұрма! Атпа!” деген плакатпен суретін жариялады.
Азаптау, сабау жағдайлары өкінішке қарай, Атырауда ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де тіркелуде. Мұндай жағдайлар әсіресе наразылық қақтығысқа ұласқан қалаларда көп болған.