ҰҚК қызметкерлері Семейде жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырушы «А» деген азаматты ұстап, уақытша оқшаулағышқа қамады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ҰҚК таратқан мәліметке сәйкес, жедел-тергеу іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 5 келі «а-PVP» психотроптық заты, 50 келі синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық жабдық алынған.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.